Алматының дизайн-код жобасы жарияланды

Алматының дизайн-код жобасы жарияланды
Фото: Әлихан Сәриев

Алматының сәулет стилін қалыптастыратын дизайн-коды Ашық НҚА порталында пайда болды. Қоғам бұл құжатты 28 желтоқсанға дейін талқылай алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Дизайн-код - бұл қалалық кеңістік элементтерінің міндетті визуал құрамдас бөлігін реттейтін ұсыныстар жиынтығы: ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттері, абаттандыру, маңдайшалар, көрсеткіштер, шағын сәулет нысандары және біртұтас эстетикалық архитектураны, жайлы, қолжетімді және қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған қалалық инфрақұрылымның басқа элементтері. 

Құжатта алты қосымша бар:

  • әртүрлі ақпарат тасығыштарды безендіруге және толтыруға, сондай-ақ олар орналасқан объектілерді әрлеуге қойылатын талаптар;
  • навигация жүйесінің элементтерін орнату және безендіру жөніндегі талаптар;
  • 3 көше жиһаздарын, стационарлық емес сауда объектілерін (СЕСО) таңдауға және орналастыруға және қала аумақтарын құрылыстың негізгі морфотиптері бойынша жіктеуге қарамастан қойылатын талаптардың базалық тізбесі;
  • жергілікті табиғи-климаттық жағдайларды, жасыл екпелердің ерекшелігін және экологияның қажеттіліктерін ескере отырып, қалалық ортаны көгалдандыру бойынша ландшафтық дизайнға қойылатын талаптар;
  • қасбеттік элементтерді безендіру және әрлеу жөніндегі талаптар;
  • уақытша қоршаулар элементтерін безендіру жөніндегі талаптар. 

Жобада қаланың түс палитрасы үшін негізгі бес түс таңдалған: жасыл, көк, қызыл, қара және ақ. Сонымен қатар, жасыл және көк қала навигациясы үшін негізгі түстер ретінде ұсынылады.

"Қазақ мәдениетінде түстерге қазақ халқының дүниетанымын көрсететін терең символдық мағына берілген. Алты негізгі түс қазақ фразеологизмдерінде кеңінен қолданылып, қазақтың дүниетанымын көрсетеді: сары, көк, жасыл, қызыл, қоңыр, ақ, қара", - делінген құжатта.

Түстерден басқа, қолданбада қаріптерді және белгілерді жобалау және орналастыру ережелері қарастырылған. 

Алматының толық жобалық код құжатын мына жерден көре аласыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек