"Кісі өлімі болды". 31 жастағы тұрғын полицейлерге жалған хабар берген

Қостанай облысының полицейлері үйінде кісі өлтіру болды деп жалған хабар берген мас тұрғынды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia сайтына сілтеме жасап.

12 желтоқсанда Әулиекөл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ер адам қоңырау шалып, оның үйінде кісі өлтіру болғанын хабарлаған. Полицейлер мекенжай бойынша келген кезде бұл дерек расталмады.

"Қызметкерлермен қоңырау шалушы анықталды. Ол Аманқарағай ауылының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.  Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ер адамда алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі анықталды. Арнайы қызметке қасақана қоңырау шалғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша (Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", – деді Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай облысы бойынша арнаулы қызметтерді жалған шақырғаны үшін 330-дан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!