Суықта ағзаға энергия беретін 8 өнім

Суықта ағзаға энергия беретін 8 өнім
Фото: ru.freepik.com

Қыста ағзаға энергия аса қажет, себебі ол ұйқының қанбауымен және шаршаңқылықпен күресіп қиналады. Сергек жүру үшін қандай өнімдер жеу керек?

Кофе

Кофеде эфир майы бар, ол хош иіс береді. Олар жүйке жүйесін жігерлендіруге қабілетті және жұмысқа қабілеттілікті арттырады. Оған қоса кофе көңіл-күйді жақсартады. Алайда кофені көп ішуге болмайтынын ұмытпаңыз.

Жұмыртқа

Жұмыртқаның сарысы тамақтың энергияға айналуына жауап беретін В дәруменіне бай. Сондай-ақ ол ақуызға бай. 

Жаңғақтар мен кепкен жемістер

Жаңғақтар мен кепкен жемістер – пайдалы майлар, талшықтар және ақуыздарға бай пайдалы тіскебасарлар. Талшықтар глюкоза шығуын баяулатуға көмектеседі, сондықтан энергия ұзаққа дейін жетеді.

Шай

Көк шай да, қара шай да сергектік сыйлайды. Ал жеміс шайлары ағзаны сергітіп қана қоймай, ағзаны пайдалы дәрумендермен байытады. Алайда кофеден соң сергектік сезімі бірден байқалса, шайдың мұндай қасиеті біраздан соң білінеді.

Апельсин шырыны

Апельсин шырыны С дәруменіне бай, ол ағзаға энергия береді. Ал апельсин, лимон және лаймның иісі ми қызметін ынталандырады. Сондай-ақ цитрусты жемістер тұмаудың алдын алуға көмектеседі.

Алма

Алма кверцетиндерге бай. Ол бұлшықет жасушаларының жұмысына араласып, оларды көбірек энергия бөлуге итермелейді.

Шоколад

Шококлад адамға бірнеше сағатқа жететін энергия бере алады. Алайда сергектікті қанты аз және қоспасыз қара шоколад ғана береді.

Оқи отырыңыз: "Шай ішпесем басым ауырады". Нутрициолог шайға тәуелділіктен арылу үшін не істеу керегін айтты

А. Жапатова