"Жас қыздардың әрекеті". Әнші Мадина Сәдуақасованың образын оқырмандары сынға алды

"Жас қыздардың әрекеті". Әнші Мадина Сәдуақасованың образын оқырмандары сынға алды
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Эстрада жұлдызы, әнші Мәдина Сәдуақасованың жаңа жылдық образын оқырмандары сынға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнерпаз бұл образда суретке түсіп, өзінің instagram парақшасына жариялады. Алайда әнші бұл киімді о, бастан өзі де ұнатпаған көрінеді. 

"Жаңа жылдық кино-ертегіде аяз далада қалып қойған адамдарды құтқаратын Феямын ба , Перімін ба, Сиқыршымын ба? Қалай атауға болады мені. Отырмын орманда күтіп, машиналары жүрмей қалғандарды", - деп жазды Мәдина Сәдуақасова. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Желі қолданушылары әншінің жаңа жылдық образын сынға алып, түрлі пікір қалдырды. 

"Әншілер әбден еріккенсіңдер! Мәдина саған Ақшақар болу жараспайды, ол жас қыздардың әрекеті" "Қорқыт атаға ұқсап қалдың", "Шайтан ба деп шошып кеттім", "Ұрғашы Аяз ата", - деп жазды олар. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Е. Ерболұлы