Солтүстікте ауыл әкімдігі ғимараты түгі қалмай өртеніп кетті

Солтүстікте ауыл әкімдігі ғимараты түгі қалмай өртеніп кетті
Фото: "Астана" телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысы Воскресеновка ауылында әкімдік түгі қалмай өртеніп кетті. Бұл ауыл Петропавлдан небәрі 50 шақырым жерде орналасқан. Кеңес заманында салынған бір қабатты ғимаратта 6 бөлме болды, өрт кезінде ол бірнеше минут ішінде жанып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл ғимаратта жергілікті пошта, учаскелік кеңсе және әкімдіктің 4 кабинеті болыпты. Ал өрт ғимаратты жылытып жатқан қазандықтан шықққан. Алдын ала себеп бойынша болған оқиға - жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдары.

"Ғимарат - өткен ғасырдың құрылысы, 60-жылдар салынған. Толық ағаш. Төбесі құлаған кезде шатыр толығымен жанып кетті. Өрттің ауданы шамамен 80 шаршы болады", - деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Қазір әкімдік басқа ғимаратқа орналасқан.

"Мүлікті, ғимаратты сақтауға мүмкіндік болмады. Қазір әкімдік, "Қазпошта" бөлімшесі және учаскелік инспектор мәдениет үйіне орналасты. Бүгінгі таңда барлық дерек ақпараттық жүйелерде сақталады және халықтың белгілі бір ақпаратты алуына ешқандай кедергі жоқ", дейді Мамлют ауданының әкімі Елена Степаненко.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова