Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтетіні белгілі болды

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтетіні белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл Қазақстан Тәуелсіздік күнінің 32 жылдығын атап өтеді. Маңызды күнді мерекелеу қарсаңында Алматыда бірқатар мәдени, ресми, спорттық іс-шаралар өтеді. Сондай-ақ түрлі  фотокөрмелер мен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

  • 13 желтоқсан күні сағат 11.00 - де Bastau ойын-сауық кешенінде Алматы ардагерлер кеңесі арасында "Бостандық ауданы әкімінің кубогы" үшін бильярдтан турнир ұйымдастырылады.
  • Бұл күні сағат 15:00-де Инновациялық шығармашылық орталығында (Шұғыла ш.а 347/4) зиялы қауым өкілдері мен желтоқсаншылардың қатысуымен  "Елімнің бақытын тербеген - Тәуелсіздік!" атты  дөңгелек үстел өтеді.
  • 15 желтоқсан күні сағат 11:00-де Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен "Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу ұйымдастырылады, дәл осы уақытта  Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында "Тәуелсіздік – ел мерейі" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
  • Сағат 15:00-де Қонаев мұражайында "Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі" атты фотокөрме өтеді. Көрмеге мұражай мұрағатынан Алматы қаласының ғимараттары мен мәдени ошақтарының фотосуреттері қойылады.
  • Сағат 15:00-де Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында "Тәуелсіздік – аппақ таным арайлы" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
  • Сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.
  • 16-18 желтоқсан аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін К.Әзірбаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектепте барлық санаттар арасында классикалық пауэрлифтинг және классикалық стендтік пресс бойынша Алматы қаласының ашық чемпионаты өтеді.
  • 18 желтоқсан күні сағат 12:00-де Alatau Creative Hub-та "Тәуелсіз елдің ұрпағы" зияткерлік ойыны өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина