Қостанай облысының тұрғындары Гонконг тұмауымен ауырып жатыр

Қостанай облысының тұрғындары Гонконг тұмауымен ауырып жатыр
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысының тұрғындары Гонконг тұмауымен ауырып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап. 

Кейінгі аптада зертханалық жолмен расталған 20 жағдай тіркелген, бүгінде бұл көрсеткіш 25-ке дейін жеткен. Санэпидбақылау департаменті өкілдері бұл маусымдық өсім екенін мәлімдеді.

Осы эпидемиологиялық маусымда Қостанай облысында тұмаудың алғашқы жағдайлары анықталыпты. Олардың барлығы зертханалық жолмен расталған, яғни А түрі - Гонконг тұмауы. Бүгінде өңірде 25 науқас бар, олардың басым бөлігі облыс орталығында.

"Тұмау асқынып кететіндіктен қауіпті саналады. Әсіресе, жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, қарттар, және балалар үшін қауіпті", - дейді Қостанай облысы бойынша санэпидбақылау департаментінің бөлім басшысы Әйгерім Қалиева.

Биыл 85 мың адам тұмауға қарсы вакцина алды. Әйгерім Қалиева айына 200-ден аса зерттеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Тұмауға тән белгілері бар адамдарда бас ауруы, қалтырау және жоғары температура, бұлшықеттер мен буын ауруы, көз ауыруы, қатты әлсіздік байқалады екен.

Одан бөлек өңірде ЖРВИ өсуі де байқалады, күніне 500-600 жағдайы тіркеледі.

Еске салайық, бұған дейін Гонконг тұмауының белгілері туралы жазған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова