Семейде жеңіл жүрісті қыз клиенттің 3 миллион теңгесін ұрлап алған

Семейде жеңіл жүрісті қыз клиенттің 3 миллион теңгесін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аbainewskz порталына сілтеме жасап. 

Семейде жезөкшелер үйлеріне және сауналарға рейдтер басталды. Осындай іс-шаралар кезінде интим ойын-сауық үшін жалданған жұмыстың қызметкері семейліктің банк картасын ұрлап, кейін банкоматтан 3 миллион теңгесін шешіп алғаны белгілі болды.

"Жедел-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру барысында Семей тұрғыны 3 миллион теңгесінен қақылғаны анықталды. Ол интим қызметті пайдаланып, банк картасын ұрлатып алған", - делінген ІІМ хабарламасында.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі өкілдері Семейде сауна атын жамылып жұмыс істейтін алты притонның жойылғанын хабарлады.

"Жыл басынан бері Абай облысының жедел қызметкерлері интим қызмет көрсетілетін 6 саунаны жауып тастады. Қазір сутенерлік жасағаны үшін сот 5 әйелді шартты түрде 2 жылға соттады. Сондай-ақ, 44 "секс қызметкері" есепке алынды. Абай облысында барлығы 182 әйел "жезөкше" ретінде тіркеуде тұр", - деді ІІМ қызметкерлері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз