"Ұйықтап үлгердім". Желіде кептелісте қалған тұрғындардың "әңгімесі" тарады 

Алматыда қар жауғалы кептеліс көбейді. Желі қолданушылары 2gis қосымшасында кептеліске қатысты түрлі қызық пікірлер қалдырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сондай видеолардың бірі TikTok-та тараған. Ол 18 мыңнан аса қаралым жинады. 

Онда тұрғындардың пікілері жиналған. 

"Мәһрге көлік сұраймын", 

"Кептелісте тұрсың ба, ботам?"

"Қар-қар деп қоймадыңдар ғой, ал!"

"Дәмелі мәһрге неге JET сұрады десем", 

"Ауырмайды жүрек, ауырмайды", 

"Егер жігіт болсам, есімімді Абай деп қояр едім, кептелісте тұрғаныма 30 минут болды", 

"Алматыда кептеліс жоқ жер бар ма өзі?" 

"Бүгін үйде қалғаным қандай жақсы", 

"Үш метрге қозғалғанша ұйықтап үлгердім", 

"Тормоз басып аяғым ауырып кетті ғой", - деп жазған олар. 

Видео кадрлары 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!