Қатты аяз: синоптиктер 13 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

Қатты аяз: синоптиктер 13 желтоқсанда бірнеше өңірде  ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 13 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса.

Алматыда түнде 23-25 градус қатты аяз, 14 желтоқсанда түнде 25-27 градус қатты аяз.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысында шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, шығысында жолдарда көктайғақ сақталады. Облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында 20 градус қатты аяз күтіледі. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 18 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан