Атырау облысында жүкті әйел көз жұмды: марқұмның артында 1 жасар баласы қалды

Атырау облысында жүкті келіншек аурухана төсегінде көз жұмды. Марқұмның артында 1 жасар баласы қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны денсаулығына байланысты шағыммен дәрігерге жүгінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел ауруханаға 5 желтоқсан күні түскен. Дәрігерлер "Жедел респераторлық ауру. Жедел фарингит" диагнозын қойған.

Ол ертесіне жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жүктіліктің 36-аптасында болған.

Оқиғаға байланысты аудандық полиция бөлімі "Медицина жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы" бабымен іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Марқұмның артында 1 жасар баласы қалды.

"Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды", - деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!