"5 мың теңге табатынмын". Блогер Juzzefina еден жуушы болып жұмыс істегенін айтты

"5 мың теңге табатынмын". Блогер Juzzefina еден жуушы болып жұмыс істегенін айтты
Фото: instagram.com/juzzefina244

Juzzefina лақапатымен танымал блогер әрі кәсіпкер Жұлдыз Жауынбаева өзіне қатысты шудан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол BADI SHOW бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. 

"Блогер болудың ауыртпашылығы бар. Сенің айтқан әрбір сөзің тізбектен өткізіліп отырады. Әр сөзің тарихта қалады. Адамдар жаман затты тез еске сақтайды. Аңдап сөйлеу керек. Эмоционал түрде қиындау. Мен басылып қалдым. Ең басында, мен парақшамды басқаша жүргізетінмін. Қазір агенствомен жұмыс істейміз, рамкаға тұрып жатырмыз. Қасымда басқа да блогерлер бар, олар кеңесін айтады", - дейді блогер. 

Ол танымал болғанға дейін еден жуушы болып жұмыс істегенін айтты.

"1-курс, жұмыстан-жұмысқа секіріп жүрген кезім. Оқу бар, ақша жоқ. Есімде жоқ, бірақ шамамен 1 күнде 5 мың теңге табатынмын", - дейді ол.

Оның айтуынша, бұдан басқа ол ыдыс жуып жұмыс істеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек