"Сенің өткенің" деген сөз ауызыңнан шықпайтын болсын". Нұрқанат Жақыпбайдың екінші әйелі күйеуі туралы айтты

"Сенің өткенің" деген сөз ауызыңнан шықпайтын болсын". Нұрқанат Жақыпбайдың екінші әйелі күйеуі туралы айтты
Фото: Видео кадры

Қазақстан Республикасының қайраткері, режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың әйелі Шолпан Сіргебаева алғаш рет отбасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Алғашқы" бағдарламасында берген сұхбатында бөлісті.

Нұрқанат Жақыпбайдың екінші әйелінен екінші жұбайынан Шоқан, Шыңғыс есімді екі ұлы бар.

"Театрға келіп, осы азаматқа жолыққаным тағдыр шығар. Ажырасқанына 7 жыл болған екен. Ол кезде қызы үлкен болды. Қызы тұрмысқа шыққан кезде де тойына барды. Оны менің отбасым да білді. Анам "сенің өткенің" деген сөз ауызыңнан шықпайтын болсын. Егер ұмыта алсаң, тұрмысқа шық" деді. Мен оның бәрін біліп, тұрмысқа шықтым. Ол кісі ешқашан жанжалға бармайды. Ренжіп қалуы мүмкін. Оның ренжігені - үндемегені. Оған жарым, жолдасым деп емес, өнер адамы, өнерге керек адам деп қарадым", - деді өнер иесінің жары.

Шолпан Сіргебаеваның айтуынша, күйеуі балаларына қатаң талап қояды.  

"Әкесі "балаларымның біреуі өнерге бармасын" деп талап қойды. Бірінші балам домбыраға құмар болды. Бойында өнері болғанмен, оны өзіміз өшірдік. Ал екінші балада оған мүмкіндік болмады. Дайындыққа алып барамын, спектакальге алып барамын. Ол балам "Мен әртіс болам, бітті" деді", - деді өнер иесінің әйелі.

Сондай-ақ, Нұрқанат Жақыпбай бірінші некесінен туған қызы барын және оның шетелде тұратынын мәлім етті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек