"Рэкетир" жұлдызы Саят Исембаев бала кезіндегі суретін көрсетті

"Рэкетир" жұлдызы Саят Исембаев бала кезіндегі суретін көрсетті
Фото: instagram.com/issembayevsayat/

"Рэкетир" фильмінің жұлдызы, танымал актер Саят Исембаев бала кезіндегі суретін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл суретін өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Бұл спорт костюмы қатты ұнайтын еді. Әлі есімде", - деп жазған ол. 

Желі қолданушылары актердің суретіне түрлі пікір қалдырған. 

"Көптеген қарапайым жігітке үлгісің, кеңестік тәрбиең дұрыс", "Мынаны кейін мен кимедім бе?" "Менде де осындай киім болған", "Бұл керемет костюм, менде осындай болды", "КСРО классикасы", "Балалық шақ - ең қымбат уақыт", "Өте сүйкімді", - деп жазған пікір қалдырғандар. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек