Травматолог көктайғақта зақым алмас үшін не істеу керегін айтты

Травматолог-ортопед Константин Терновой көктайғақта өзіңізді зақым алудан қорғауға көмектесетін бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі News.ru-ге сілтеме жасап.

Дәрігер мұндай жағдайда ұялы телефонға алаңдамау керегін ескертті.

"Тайғақ және қараңғы жермен келе жатсаңыз құламау үшін жай және абайлап жүру керек, бастысы – ұялы телефонға алаңдамау. Тепе-теңдік сақтау үшін қолыңызды екі жаққа жайып, тізегіңізді сәл бүгіп жүрген абзал. Үшінші кеңес – табаны сырғанамайтын дұрыс аяқ киім кию. Егер адам көктайғақта жазғы кроссовка киіп жүрсе, оның құлап қалуы әбден мүмкін", - дейді дәрігер.

Далада зақым алсаңыз, бірден жедел жәрдем шақырыңыз.

Оқи отырыңыз: Қысқы етікті қалай таңдау керек?