Оқушы мұғалімді балағаттаса, қалай жазаланады?

Оқушы мүғалімді балағаттап, ар-намысын таптаса, оның орнына ата-анасы заң алдында жауапты болады.

Заңгер Венера Нұрғалиқызының айтуынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 435-бабына сәйкес, ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберіледі және 7 АЕК – 24  150 теңге көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлады otyrar.kz.

Бала мұндай әрекетті бірнеше рет жасаса, мектептен шығарылуы мүмкін. "Білім туралы" заңының 31-бабының 3-тармағына сәйкес, 16 жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!