13-14 желтоқсанда алматылық оқушылар қашықтан оқиды

13-14 желтоқсанда алматылық оқушылар қашықтан оқиды
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматылық оқушылар 13-14 желтоқсанда қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қаласы білім басқармасына сілтеме жасап.

Қазгидромет ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес 13-14 желтоқсанында ауа райы күрт суиды (13 желтоқсанда түнде қатты аяз 23-25 градус, ал 14 желтоқсанда түнде қатты аяз 25-27 градус).

"Осыған орай биылғы жылдың 13-14 желтоқсанында 0,1-9 сынып оқушылары қашықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптар мен ережелерге сәйкес қашықтан оқыту форматына көшеді", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина