"Көлікте ұнтақ иіскеп отырған". Шымкентте түнгі клубқа келген ер адам есірткімен ұсталды

Шымкент түнгі клубқа келген ер адам есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ЖБО инспекторлары ойын-сауық мекемесінің маңында тұрған көлікте ұнтақ иіскеп отырған жігітті анықтады. Оқиға орнын тексеру үшін патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді.

Жақын маңда камераның бар екенінен бейхабар құқық бұзушы тыйым салынған заттардың барын мүлде жоққа шығарды. Оның "синтетика" салынған пакетті көлік есігінің қалтасына жасырып үлгергені анықталды. Ол жерден полицейлер жарты грамм мефедрон тәркіледі.

Жігітке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина