Кімдерге мандарин жеуге болмайды?

Кімдерге мандарин жеуге болмайды?
Фото: pixabay.com

Мандариннің иммунитетті нығайту, ішек жұмысын жақсарту, С дәруменінің көп мөлшері, мазасыздықты азайту секілді көптеген пайдалы қасиетіне қарамастан, оның да бірқатар қарсы көрсетілімі бар. 

Кез келген өнімді шамадан тыс тұтыну денсаулыққа қауіпті, өйткені артық энергия семіздікке, ал артық салмақ әртүрлі ауруға әкелетін май шөгінділерін тудырады.

Ал мандаринді семіздік, бүйрек аурулары, ойық жара ауруларына және жоғары қышқылдығы бар адамдарға жеуге болмайды. Сонымен қатар, асқазан-ішек жолының аурулары бар адамдар да мандаринді жеуден бас тартқаны абзал, өйткені цитрус жемістері қышқылдықты арттырады. 

Мына аурулардан зардап шегетін болсаңыз, мандарин жемеңіз:

  • энтерит;
  • колит;
  • гастрит.

Мандариндегі жеміс қышқылы ішек пен асқазанның шырышты қабығын тітіркендіруі мүмкін. Мандаринді қант диабетімен ауыратын адамдарға да тұтынуға болмайды.

Мамандар мандарин құрамында талшықтың көп болуына байланысты ол іштің кебуі мен метеоризмді, ал шамадан тыс жесе псевдоаллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін екенін ескертеді.

Бұдан бөлек, ғалымдар 1 жасқа дейінгі және тіпті 3 жасқа дейінгі балаларға цитрус жемістерін беру кезінде өте сақтықпен қарау керегін дәлелдеген. 3 жасқа толмаған балаға мандаринді аз мөлшерде тексеру үшін беріп, реакциясын бақылау керек, ал бөртпе, ауыздың ісінуі секілді аллергия белгілері пайда болса, жемістерден мүлдем бас тартып, дәрігерге қаралу керек.

Айта кетейік, бұған дейін мандаринді қандай өнімдермен бірге жеуге болмайтыны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Алтын Орданың мемлекеттiк құрылымы қандай болды?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә