"Бірінші курсты бітіргенде құда түсіп бардым". Танымал әзілкеш әйелімен қалай танысқанын айтты

"Бірінші курсты бітіргенде құда түсіп бардым". Танымал әзілкеш әйелімен қалай танысқанын айтты
Фото: әлеуметтік желі

"Өнер қырандары" театрының актері, әзілкеш Мадияр Серікбай әйелі Дана Тұрарбекпен қалай танысқаны туралы айтты. Бұл туралы жұлдызды жұп Қызық Таймс бағдарламасына берген сұхбатта әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Оқуға түсемін. Топта староста боламын. Дананың анасы келіп, бәрімізге бәліш әкеледі. "Бәрің баламдайсыңдар" дейді. Дана ол кезде 17 жаста. Топтың ең кішкентайы. Содан анасы "Мадияржан, сен старостасың ғой. Қызымды саған тапсырайыншы. Өзі кішкентай. Өзі аңқау. Сен қарап жүр" деп маған тапсырды", - деді әзілкеш. Өнер иесі бірінші курсты аяқтаған бойда әйелі Данаға құда түсіп барғанын да жасырмады. "Сосын бірінші курсты бітіргенде құда түсіп бардым. Сол кезде анасы "Мен саған қарап жүргенде, бұлай қара демедім" дейді. Мен "Сөзімде тұрып, соңына дейін қараймын", - дейді Мадияр Серікбаев. 

Айта кетейік, өнерлі студенттерден құрылып артынша театрға айналған "Өнер қырандары" тобы жуырда Астана қаласында өтетін "JaiBattle" Жайдарман жекпе-жегінде "Назар Аудар" құрамасына қарсы өнер көрсетеді. JaiBattle туралы толық ақпаратты мына сілтемеге өтіп оқи аласыз. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы