Бірнеше облыста 55 жол учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді

12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 55 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

12 желтоқсан сағат 10:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа-райының нашарлауына (ауа температурасының төмендеуі, боран, көрінудің шектеуі) байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 55 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді.

Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 451 бірлік техника мен 907 жолшылар жұмылдырылып, 626 м3 көктайғаққа қарсы материал қолданылды. 

"ҚазАвтоЖол" өкілдері жүргізушілерді аса қажет болмаған жағдайда, ұзақ сапарға шықпауды сұрады. 
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!