АҚШ дипломаты Колин Гард қазақ тілін 9 айда қалай үйренгенін айтты

АҚШ дипломаты Колин Гард қазақ тілін 9 айда қалай үйренгенін айтты
Фото: Видео кадры

АҚШ дипломаты Колин Гард қазақ тілін 9 айда қалай үйренгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Оян" таңғы хабарында бөлісті. Колин Гард - Қазақстандағы АҚШ елшілігінің мәдениет және білім беру жөніндегі атташесі. 

Ол Қазақстанға отбасымен көшіп келген. Оның әйелінің есімі - Галина. Ерлі-зайыптының 2 баласы бар. Үлкен ұлы 12-де, кіші қызы 9-да. Колин Гард ағылшын тілінен басқа, орыс тілінде, поляк, испан және қазақ тілінде сөйлей алады. 

"Менің ойымша, қазақ тілін оқу үшін Қазақстанда тұру керек, себебі бұл елде көп адам көмектеседі. Мен АҚШ-та жүргенде қазақ тілін меңгеріп бастадым. Бізде арнайы институт бар. Онда қазақ тілді мамандар бар. Менің тілді үйреніп жүргеніме бар болғаны 9 ай болды", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек