Алматы облысында ауа райына байланысты тасжолдар жабылды

Алматы облысында ауа райына байланысты тасжолдар жабылды

Алматы облысында ауа райына байланысты тасжолдар жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық жолдардың бірнеше учаскесінде барлық көлікке қозғалыс жабылды. Осыған байланысты, қалың қар түсуіне және боранның салдарынан: Алматы-Шелек-Қорғас 24-тен 254 шақырымға дейін; Екатеренбург-Алматы 115-тен 281 шақырымға дейін; Алматы-Ташкент-Термез 114-тен 143 шақырымға дейін; Алматы - Өскемен 25-тен 124 шақырымға дейін автожолдарда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды",- деді Алматы облысы ПД басшысы Бауыржан Әленов.

Ауа райына байланысты полицейлер шұғыл жұмыстар жүргізіп жатыр.

"Осы жағдайда шыдамдылық пен түсіністік танытуды сұраймыз. Сіздің түсінік танытқандарыңыз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өте маңызды", - делінген хабарламада. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек