"Бағдат Сәмединова 70 мың доллар салған". Заңгер алаяқтарға сеніп, сан соғып қалған жұлдыздарды атады

"Бағдат Сәмединова 70 мың доллар салған". Заңгер алаяқтарға сеніп, сан соғып қалған жұлдыздарды атады
Фото: Видео кадры

Заңгер, Alayaq.net жобасының жетекшісі Нұрсұлтан Орынбек "Сұрауы бар" бағдарламасында эстрада жұлдыздарының арасында алаяқтарға сеніп, сан соғып қалғандарды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңгер сан соғып қалғандар арасында Ақбота Керімбекова мен Алма Аманжолова барын айтты. 

Бұл батпан құйрық 2009 жылы басталған. Бұл тізімде танымал адамдар бар. Өнер адамдары да алданады екен. Жұлдыздар да жылайды екен. Шахизадаға сендік деп сан соғып қалған біраз әнші бар. "Қай жерге барсаң, Қайрат Нұртастың, оның анасының аты жүреді" деп жатады. Бұл - L Capital деп аталатын компания. 2009 жылы шыққан. Түрлі пакеттері болған. Бағдат Сәмединова 70 мың доллар ақшасын салып жіберген. "Қатерлі ісікке шалдыққанда 15 мың доллар ақшамды әрең алдым" деді. Атын атамай жүргендер қаншама", - дейді ол. 

Заңгердің айтуынша, бұл компанияға ақша салып, ақша алып үлгерген жұлдыздар арасында Алтынбек Қоразбаев та бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек