Шымкентте жас жігіт ойыннан ұтылған 4 миллион теңгенің орнын қарақшылықпен толықтырмақ болған

Шымкентте жас жігіт ойыннан ұтылған 4 миллион теңгенің орнын қарақшылықпен толықтырмақ болған
Фото: polisia.kz

Шымкентте жас жігіт ойын клубының операторына шабуыл жасап, кассадағы қомақты қаржыны жымқырып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Polisia.kz-тің жазуынша, жас жігіт бұған дейін 3 миллион 800 мың теңгесін ұтылып, материалдық шығынның орнын қарақшылықпен толықтыруға бел буған. Содан мекеме қызметкерін пышақпен қорқытқан ол сейфтегі 4 миллион теңгені алып, ізін суытқан. Жәбірленуші оқиға туралы дереу полицияға хабарлаған.

Жедел уәкілдер күдіктіні қала аумағында ізін суытпай ұстады.

28 жастағы жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан