Астанада бас шырша қашан, қай жерде жағылады?

Астанада бас шырша қашан, қай жерде жағылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 желтоқсанда сағат 20:00-де EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында бас шырша жағылады.

"Шыршаны жағу рәсімінен кейін елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама қойылады. Шыршаның биіктігі 25 метр болады және жеңіл сәндік ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндаларымен және т.б. безендіріледі", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!