Алматыда полицейлер 14 жастағы қызды зорлаған

Алматыда полицейлер 14 жастағы қызды зорлаған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда полицейлер жасөспірім қызды зорлаған. Бұл ақпаратты журналистерге ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматыда екі полиция капитаны 14 жастағы жасөспірім қызды зорлады деген ақпаратты растай аласыз ба? Бұл рас болса, күдіктілер ұсталды ма?" - деп сұрады журналистер Мәжіліс кулуарында.

"Өкінішке қарай, мұндай дерек болды. Бұрынғы жұмысшылар осындай қылмыс жасады. Бірден тәртіптік комиссия өткізілді, бұл адамдар жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылды. Қылмыстық іс аясында олар қамауға алынды", - деп жауап берді Ержан Сәденов.

Министр тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты. ІІМ басшысы "полицейлер қылмыс жасаған кезде құқық қорғау органдары қатарында қызмет етті ме?" деген сұраққа оң жауап берді.

"Иә, растаймын", - деді министр.

Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігіне "Зорлау" сәйкес, олар 9-12 жыл аралығында сотталуы мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова