2023 жылдың айтулы жобасы - JaiBattle

2023 жылдың қортындысы, айтулы жоба - JaiBattle сіздерді Астанадағы Орталық концерт залында күтеді. Биылғы JaiBattle былтырғыдан өзгерек. Sana Holding пен JCI арқау болған ерекше жоба биыл өз жалғасын таппақ. Жұртшылықтың көңілінен шыққан чемпиондардың айқасы, осы жұма 15.12.2023 өтеді.

JaiBattle - өзінің қағытпа қалжыңы, астарлы әзілімен көрермен көңілінен шыққан тіпті ұзақ уақыт бойы әлеуметтік желілерде ең көп талқыға түскен бірегей жоба. Дәл осы жылы бірегей жоба өз жалғасын "Орталық концерт залында" таппақ. Бұл жолғы JaiBattle-да, "Жайдарман" үздік жобасы бақталасады: BayGays-тың жігіттері, Million Show жобасына қарсы ойнайды.

Жайдарманның 2013 жылғы чемпиондары, "Назар аудар"  театры, халыққа баспана сыйлап, көпшіліктің көңілінен шыққан театр "Өнер қырандарына" қарсы шығады.

JaiBattle-дың басты бәсекелесі әзілкеш Нұрболхан Шараповтың құрамасы мен Қанат Әлжаппаров бастаған жігіттерінің айқасы.

Жылдың үздік жобасы - JaiBattle сіздерге 1 жылға азық болатын күлкі сыйлайды. Бірегей жобадан қапы қалмаңыз. 15-ші желтоқсан, Астана қаласы "Орталық концерт залы" басталуы 19:00. Билеттерді kino.kz сайтынан  Massaget промокоды арқылы 20% жеңілдікпен сатып алыңыз. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!