"Ашық сахна туралы мүлде ойламадым". Танымал актриса "Бақыт" фильміне күйеуі рұқсат бергенін айтты

"Ашық сахна туралы мүлде ойламадым". Танымал актриса "Бақыт" фильміне күйеуі рұқсат бергенін айтты
Фото: Желіден

Танымал актриса Лаура Мырзахметова "Мамский әңгіме" бағдарламасында "Бақыт" фильміне қалай түскені туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл фильмге түскені үшін жолдасына алғыс білдіретінін айтты.

"Ашық сахналар көп болды. Жолдасыма рахмет айтар едім. Егер ол келіспесе, бұл рөл маған бұйырмас еді. Соңына дейін келісім бермейді деп ойладым. Үш күннен соң "жарайды, түссең түсші" деді. Оның алдында да осыған ұқсас ұсыныс түскен еді. Оған рұқсат бермеген еді", - деді ол.

Өнер иесі кинодағы ашық сахналар туралы мүлде ойламағанын айтты.

"Сценарийді оқығанда "мынаны алып шығамын" деген сенімділік болды. "Ұят болады", ашық сахналар туралы ойламадым. Бұл мамандыққа келгеннен кейін бәріне дайын болдым. Бастысы күйеуімнің келісімі болды. Фильмді күйеуім толық көрмеді. Бірақ әлеуметтік желіде таралған үзінділерден қарап шықты", - деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы