Алматыда қолына "автомат" алып, дрифт жасағандар жазаланды

Алматыда танымал супермаркеттің жанында дрифт жасаған ер адам жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, "БМВ" маркалы көлігінің иесі супермаркеттің жанында жол ережесін қатаң бұзған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған. Жалпы бірнеше бап бойынша 30 АЕК (103 500 теңге) айыппұл салынған.

Одан бөлек, көлікте отырған жолаушы автоматқа ұқсас затты көрсеткені анықталған.

Ол страйкболдың ойын автоматы болып шыққан. ПД мәліметінше, бұл іске қатысты адамдармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина