Астанада оқушылар ауа райына байланысты қашықтан оқиды

Астанада оқушылар ауа райына байланысты қашықтан оқиды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада оқушылар ауа райына байланысты қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады. 

"2023 жылғы 11 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды. 

11 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында секундына 15-20 метр күтіледі. Ақтау қаласында 11 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі.

11 желтоқсанда Атырау облысында шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік- батысында екпіні секундына 15-20 метр. Атырау қаласында 11 желтоқсанда шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

11 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде қатты аяз 40-41 градус. Петропавл қаласында 11 желтоқсанда түнде қатты аяз 40-41 градус күтіледі.

11 желтоқсанда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

11 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

11 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 16 м/с күтіледі.

11 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы қаласында 11 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. Қонаев қаласында 11 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

11 желтоқсанда Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші секундына 15-20 метр күтіледі. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина