"Қуанатын күнім қашан болады деп жылайтынмын". Танымал актриса күйеуіне екінші әйел алуға рұқсат бергенін айтты

"Қуанатын күнім қашан болады деп жылайтынмын". Танымал актриса күйеуіне екінші әйел алуға рұқсат бергенін айтты
Фото: видеоскрин

Танымал актриса Лаура Мырзахметова "Мамский әңгіме" бағдарламасында жеке өмірі туралы айтты. Көрермен оны "Бақыт" фильмінде күйеуінен зорлық-зомбылық көрген, бірнеше рет аборт жасатқан кейіпкер ретінде таниды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жолдасына екінші әйел алуға өзі рұқсат берген. 

"Отбасы болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Жолдасыма "сен екінші әйел ал, мен рұқсатымды бердім. Қанша дегенмен еркексің, сен айтпасаң да сенің туыстарың айтуы мүмкін, мен саған ризамын" дедім. Жолдасым "жоқ алмаймын, егер Алла бізге сондай сынақты беріп тұрса, мұның да бір қайыры бар шығар" деді. "Қашан менде қуанатын күн болады" деп жылайтынмын", - деді ол.

Өнер иесі бұған 10 жыл бойы балалы болуды күткені себеп болғанын айтты.

"Балалы болуды 10 жыл күттік. Үмітімді үзген едім. Сөйтіп, 2022 жылы эко арқылы көптен күткен баламызды дүниеге әкелдім", - деді актриса.

Еске салайық, бұған дейін "Екінші әйел аламын". Төреғали Төреәлі көпшіліктің көкейіндегі сұраққа жауап бергені туралы жарияланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жасанды интелект қай мамандықтардың орнын басуы мүмкін?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы