"Instagram-да маған тіркелмеген". Сырымбек Тау алғаш рет әйелі туралы айтты

"Instagram-да маған тіркелмеген". Сырымбек Тау алғаш рет әйелі туралы айтты
Фото: instagram.com/syrymbek_tau

Кәсіпкер Сырымбек Тау "Динамен дұрыс" бағдарламасында алғаш рет әйелі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сырымбек Таудың әйелінің есімі - Толқын. Жасы 41-де. Кәсіпкердің әйелі парақшасын ағылшынша жүргізежі. Ол 2020 жылы KIMEP университетін бітірген. 

"Құдайдың жазғаны ғой. Мен 24 жасымда үйлендім. Бір қызығы, "жапон қызын алды" деген қауесет те шықты. Біз 2001 жылдан бері таныспыз. 2006 жылы үйлендік. Құдайға шүкір, 5 баламыз бар. Толқын Instagram-да маған тіркелмеген. Ол саяхаттан келгеннен кейін бәрін әлеуметтік желіден көріп қойсам, не қызық дейді. Бұл туралы туған әпкем де айтты. Күнде кезігетін адам сияқты. 2015-2016 жылдары Instagram дамып жатқанда ол маған "осыны жүргізбей-ақ қойшы" деген. Кейін бір жылдай аз жүргіздім", - деді Сырымбек Тау. 

Сондай-ақ, кәсіпкер тоқал алуға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ол мұндайға қызықпайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек