Баланы жалаңаш суретке түсіріп, азғырды деген ақтөбелік ақталып, мемлекеттен 66 миллион теңге өндіріп алды

Баланы зорлады деп айыпталған ақтөбелік ақталып, мемлекеттен 66 миллион теңге өндіріп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" газетіне сілтеме жасап. 

Ақтөбелік ер адам телефонында қызының жалаңаш суретін тауып алып, полицияға қыздың анасы - бұрынғы әйелінің үстінен арыз түсірген. Ер адамның бұрынғы әйелі мен оның танысына қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар кішкентай қызды жалаңаш суретке түсіріп, оны азғырды деген күдікке ілінген. 

Бірінші сатыдағы сот қыздың анасын тоғыз жылға, ал танысын жеті жылға бас бостандығынан айырды. Алайда облыстық сот коллегиясы істі қайтадан қарап, екі айыпталушының кінәсі жоғына дәлел барын анықтаған. Яғни коллегия тергеу анықтаған уақытта айыпталушылар баланы суретке түсірмеген деген шешімге келген. Осылайша сот екі айыпталушыны да ақтады. 

Қыздың анасы мемлекеттен моральдық өтемақы ретінде 5 миллион теңге өндіріп алған. Әйел адам жасамаған қылмысы үшін бір жыл темір торда отырған. 

Сонымен қатар, облыстық сот коллегиясы мемлекетке талап қойған екінші айыпталушыға да қатысты үкім шығарды. Ол моральдық өтемақы ретінде 30 миллион теңге, ал материалдық шығын үшін одан да көп сома талап еткен.   

Облыстық сот коллегиясы Қаржы министрлігі ер адамға 7 миллион теңге және материалдық шығын ретінде 54 миллион 186 мың теңге өтемақы және адвокатқа жұмсалған шығын ретінде 5 миллион 430 мың теңге төлеуін міндеттеп, шешім шығарған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!