Өзінен 6 жас үлкен әйелге үйленген танымал әнші той жасады

Өзінен 6 жас үлкен әйелге үйленген танымал әнші той жасады
Фото: әлеуметтік желі

Қарындасымен бірге дуэт айтып танылған әнші Ринат Шамшырақ өзінен 6 жас үлкен әйелге үйленіп, той жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол қуанышын бөліскен халыққа алғыс айтты.

"Біздің тойымызға жан-жақтан келген ағайын-туыс, жақын дос-бауырлар және де тойға келе алмай осы экранның арғы жағынан көріп шынайы құттықтап жатқан ағайындар мен оқырмандарға мың алғыс айтқым келеді", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін өнер иесі неке қиған сәтінен сурет салып, жазба жариялаған еді. Әншінің таңдауы өзінен 6 жас үлкен қызға түскен. Желідегі мәліметтерге сүйенсек, Аружан есімді қыздың бір ұлы бар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова