"Елестете алмадым". Димаш Құдайберген әлемдегі атақты шоуда әділқазы болады

"Елестете алмадым". Димаш Құдайберген әлемдегі атақты шоуда әділқазы болады
Фото: әлеуметтік желі

Димаш Құдайберген әлемдегі атақты шоуда әділқазы болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желіде жариялады. Димашты Доминго Пласидо арнайы шақырыпты.

"1999 жылы біздің үйде үш ұлы тенордың концерті жазылған кассета болды. Бірақ мен жылдар өте келе Ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызықты "Виртуоздар" телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете алмадым. Бұл жас талантты сайыскерлер үшін нағыз жұлдыз атануға тамаша мүмкіндіктердің бірі. Барлық қатысушыларға және бізге, қазылар алқасының мүшелеріне сәттілік тілеймін. Пласидо Доминго шақырғаныңыз үшін алғысым шексіз!" - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Айта кетейік, Доминго Пласидо - испанның опера әншісі әрі дирижері, лирикалық-драмалық тенор.

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген Сербияда марапатқа ие болғаны хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова