Ұмытшақсыз ба? Ми жұмысын жақсартатын тағамдар аталды

Бұрын деменция 60 жастан асқан адамдарда ғана болады деген түсінік бар еді. Қазір дәрігерлер қырық жасқа толмағандарға да деменция диагнозын қойып жатыр. Деменцияның ең көп тараған түрлерінің бірі - Альцгеймер ауруы. Бұл кезде адамда ми жасушалары прогрессив түрде бұзылады. Мұның нақты себебі әлі анықталмады. Зерттеулер нәтижесінде Альцгеймер ауруына шалдыққан адамдардың миында ацетилхолин, яғни маңызды нейротрансмиттер жетіспейтіні көрінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. 

Гарвард университетінің ғалымдары қандай тағамдар мидың "күшеюіне" ықпал етуі мүмкін екенін анықтауды ұйғарыпты. Ол үшін сарапшылар әріптестерінің ғылыми еңбектерін, сондай-ақ, өнімдердің құрамына және олардың жүйке жүйесіне қалай әсер ететініне баса назар аударылған арнайы әдебиеттерді талдаған.

Талдаудан кейін зерттеушілер тағамдар тізімін жасады. Онда миға арналған ең пайдалы тағамдар бар:

  • қарақат және қызыл жүзім;
  • кофе;
  • майлы балық;
  • сары, қызғылт сары, қызыл, күлгін және жасыл көкөністер мен жемістер;
  • сарымсақ;
  • бұршақ дақылдары;
  • зәйтүн майы;
  • бадам, фундук және жаңғақ;
  • даршын, зімбір, шафран, куркума;
  • қырыққабат;
  • салат жапырағы;
  • дәнді дақылдар.

Миға ең зиян өнімдер - қант, шұжық, фаст-фуд, чипсы және басқа да тұзды тағамдар, сода, сонымен қатар, алкоголь, көп мөлшерде ет (оны аптасына 2-3 реттен артық жеу ұсынылмайды).

  • Таңғы ас

Ғалымдар таңғы асқа қызыл болгар бұрышы, шпинат және қызанақ қосылған омлет жеуге кеңес береді. Дәмдеуіштерді де қосуға болады, мәселен куркума немесе шафран. Сусындардың ішінен қоспасыз қара кофеге басымдық берген дұрыс. Бірнеше сағаттан кейін бірнеше жидек немесе жаңғақ қосып, табиғи йогурт жеуге де болады.

  • Түскі ас

Түскі асқа майлы балық жеген дұрыс. Гарнирге бұршақ дақылдары немесе көкөністер болуы мүмкін.

  • Кешкі ас

Кешкі асқа арналған тамаша тағам - көкөністен жасалған тағам. Ол үшін тоңазытқышта бар нәрсені қолдануға болады: цуккини; гүлді қырыққабат және брокколи; сәбіз; картоп; спаржа бұршақтары;
ноқат.

Еске салайық, бұған дейін ми жұмысын баяулататын тағамдар аталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!