Үйінен белгісіз себептермен шығып, содан кері оралмаған павлодарлық оқушы табылды

Үйінен белгісіз себептермен шығып, содан кері оралмаған павлодарлық оқушы табылды
Фото: instagram.com/poiskoviki_pvl_vita

Павлодарда 8 желтоқсанда жоғалып кеткен 13 жастағы Дарья Шандрук табылды. Бұл туралы VITA еріктілері хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дарья түскі ас кезінде Павлов көшесінде орналасқан үйінен белгісіз себептермен шығып, содан кері оралмаған.

Жоғалған күні Vita еріктілер тобы қызды іздеуге шыққан. Тipavlo.dar әлеуметтік желідегі парақшасында волонтерлардың жасөспірімді таңғы 4-ке дейін іздегені жазылған. 

Күні кеше еріктілер парақшасында Дарья табылғанын хабарлаған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина