Ақтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз табылды

Ақтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз табылды
Фото: Ақтөбе ПД

Ақтөбеде жергілікті бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Ақтөбеде үш жасөспірім қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. 

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 23:00 шамасында "Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиешесі хабар берген. 2006 жылы туған үш қызды полиция мен еріктілер іздеді.

Іздеу шаралары барысында үш қыз пәтерден табылды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған қыздар Ақтөбе полиция бөлімшесінде.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина