Мұхтар Ханзада "Шаршама" әнінің шығу тарихын айтып берді

Мұхтар Ханзада "Шаршама" әнінің шығу тарихын айтып берді
Фото: Болат Айтмолда

Танымал әнші Мұхтар Ханзада "Шаршама" әнінің шығу тарихын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Еларна" телеарнасындғы Keshki vibe бағдарламасында бөлісті.  

Мұхтар Ханзада 80-ге жуық ән жазған соң шығармашылық тоқырауға ұшыраған. 

"Жазғаның өтпегеннен кейін көңілің де қала бастайды екен. Сол кездерде Астанадан Алматыға келдім. Пәтер жалдап тұрдым. Тағы 20-ға жуық ән жаздық. Ақша да таусылды. Анадан-мынадан ақша аламыз. Дархан Дәулет деген шымкенттік ақын жігіт бауырым бар. "Сөз жазшы, көңілді болсын. Бәрінен шаршап кеттім" дедім. Бөлмесінен жүгіріп шығып 15 минутта сөзін шығарып алып келді. "Тойда зор болады" деді. Маған ұнамады, сөздері де", - деді ол.

Оның айтуынша, досы әнді жаздыруға көндіріп, жарыққа шығарған. Ән 1 жыл уақыт өткеннен кейін тойда шырқалған.

"Запиське барып жазып көрдік. 1 жыл тұрды. Бейнебаян да түсіріп көрдік. Клипті телеарнаға ақша тауып беріп едік. 15-20 күннен кейін Шымкенттен тапсырыс түсті", - деді өнер иесі. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек