Ақтауда дене шынықтыру сабағында оқушыны бұралқы ит қауып алған

Ақтауда дене шынықтыру сабағында оқушыны бұралқы ит қауып алған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтауда №5 мектепте дене шынықтыру сабағында оқушыны бұралқы ит қауып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Зардап шеккен баланың анасы оқиға 4 желтоқсанда болғанын айтты. Әйелге мектептен хабарласып, оның баласын ит қауып алғанын айтқан. Ол мектепке жеткен соң бейнебақылау камерасынан оқиғаның қалай болғанын көрген.

"Иттің алаңдағы тордың маңында жүгіріп жүргені көрінеді. Ол жерде мұғалім де болған, алайда ол күзетті шақырмаған. Ит балаға шабуылдап, қолын тістеп алған. Ал мұғалім итті шабуылдамайды деп ойлапты", - дейді баланың анасы Джульетта Жамиева.

Ол мектептегілер жедел жәрдем де шақырмағанын, сондықтан баланы ауруханаға өзі апарғанын айтады. Баланың анасы сол жерде полиция қызметкерлерін шақырған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ АКТАУ И МАНГИСТАУ (@ladakz)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек