"Үйіне оралмаған". Павлодарда 13 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті

Павлодарда 8 желтоқсанда 13 жастағы Дарья Шандрук жоғалып кетті. Ол түскі ас кезінде Павлов көшесінде орналасқан үйінен белгісіз себептермен шығып, содан кері оралмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоғалған күні Vita еріктілер тобы қызды іздеуге шыққан. Тipavlo.dar әлеуметтік желідегі парақшасында волонтерлардың жасөспірімді таңғы 4-ке дейін іздегені жазылған. 

"Дашаның соңғы рет досына қоңырау шалған жерді қарадық. Сондай-ақ, достарымен де сөйлестік. Өкінішке қарай, әзірге нәтиже жоқ", - дейді волонтерлар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!