"Тосынсыйым бар деп пәтерге апарған": желіде жігітпен танысқан қыз күтпеген жағдайға тап болды

"Тосынсыйым бар деп пәтерге апарған": желіде жігітпен танысқан қыз күтпеген жағдайға тап болды
Фото: ІІМ

Әлеуметтік желіде жігітпен танысқан Шымкент тұрғыны күтпеген жағдайға тап болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, осы іске қатысы бар күдікті ізін суытпай ұсталған.

"Қала тұрғыны бірнеше күн бұрын интернетте танысқан жігіт оған тосынсый уәде етіп, көзін байлап, пәтерге алдап кіргізгенін айтты. Содан кейін ол қыздың қолын байлап, ас үй пышағымен қорқытып, онлайн шағын несиеге өтініш беруге мәжбүрлеген", - делінген хабарламада.

Қаскүнем ақшаны дереу есепшотына аудартып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ер адам бірнеше сағат ішінде Арбатта ұсталыпты.

Ол мегаполиске ақша табу мақсатында келген Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова