Синоптиктер бірнеше өңірде 42 градусқа дейінгі аязға байланысты ескерту жасады

Синоптиктер бірнеше өңірде 42 градусқа дейінгі аязға байланысты ескерту жасады
Фото: Tengrinews.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері республиканың кей өңірде 42 градусқа дейін аяз болатынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта көп мөлшерде қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

Алматыда кей уақытта тұман түседі.

Павлодар облысының басым бөлігінде 37-42 градусқа дейін қатты аяз болады.

Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-40 градусқа дейін аяз болады.

Ақмола облысында 40 градус аяз.

Жетісу облысының таулы аудандарында көп мөлшерде қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан