46 градусқа дейін аяз: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

46 градусқа дейін аяз: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы және жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі. Ал атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың шығысында қар жауады, Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады, республиканың оңтүстігінде 9-11 желтоқсанда тау бөктерінде және таулы аймақтарда қатты қар жауады.

Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста 20-37 градус аязға дейін, солтүстікте 30-38, республиканың қиыр солтүстігінде 40-46 градус аязға дейін, орталықта және шығыста 25-35 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда тұман болжанады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина