Павлодарлық ер адам әйел адамға көмектесемін деп көршісін абайсызда өлтіріп алды

Павлодарлық ер адам әйел адамға көмектесемін деп көршісін абайсызда өлтіріп алды
Фото: zi.dn.ua

Павлодарда көршісін абайсызда өлтіріп қойған 56 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі irbistv.kz сайтына сілтеме жасап. 

Павлодардағы №2 сотта шілдеде әйел адам 56 жастағы ер адамнан көмек сұрағаны айтылды. Әйел адам бірге тұратын ер адам оны ұрып, үйіне кіргізбей қойғанын айтып, көршісінен көмек сұраған. Ер адам полицейлерге хабарласып, көшеге шыққан. Көшеде көршісі мас жүргенін көрген. Есін жидыру үшін бетінен ұрып жіберген.  

Ер адам көршісінің тамағынан қысып, артынша бірден жібере салған. Сол сәтте ер адам асфальтқа арқасымен құлап, есінен танып қалған.   

Ер адам үш күннен кейін ауруханада қайтыс болған. Қылмыстық іс "Абайсызда адам өлтіру" бабымен қарастырылған. Марқұмның отбасы айыпталушыны бас бостандығынан айыруды талап етпеген. 

Сот үкімі бойынша көршісін абайсызда өлтіріп алған ер адам 1,5 жылға бас бостандығынан айырылып, марқұмның отбасына 2 миллион теңге өтеуі міндеттелді.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина