Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті

Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қауымдастықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мирзағалиев сайланды.

"Тиісті шешім 8 желтоқсанда Алматыда өткен KAZENERGY кеңесінің жеке отырысында қабылданды", - делінген хабарламада.

KAZENERGY қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылғы 2 қарашада құрылды.

Қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібінде қызмет ететін 59 компанияны біріктірді. KAZENERGY қызметінің мақсаты - әлемде және ҚР-да энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетикалық (мұнай-газ және электр энергетикасы) саласының тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу.

Қауымдастық төрағасының қызметі ерікті негізде және оған ақы төленбейді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек