Министр Шарлапаев не үшін ұйықтай алмай жүргенін айтты

Министр Шарлапаев не үшін ұйықтай алмай жүргенін айтты
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметінен

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал" келіссөзіне байланысты дұрыс ұйықтай алмай жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен және ең алдымен үкіметтің алдында тұрған тапсырма... Сіздер тразакция, ақша тұрғысынан талқылайсыздар. Бірақ ойлап қараңыздаршы, 32 мың адам, 180 мыңдай тұрғыны бар Теміртау қаласы. Осы үшін ұйықтай алмай жүрмін. Менің жұмысым бұл кәсіпорын қалай өмір сүретінін, ол арқылы кім табыс табатынын ойлау емес. Менің жұмысым - 32 мың адам жалақысын уақытылы алып отыруын қамтамасыз ету", - дейді министр брифингте. 

Шарлапаев Үкіметтің алдындағы міндетті айтты: ол өндірісті сақтау, жұмыс орындарын сақтау, осы кәсіпорынның одан әрі өсуі.

Еске салайық, бұған дейін "АрселорМиттал Теміртауға" қатысты келіссөздер аяқталғанын хабарлаған болатынбыз. Шарлапаевтың сөзінше, ол бірнеше сағат бұрын Лондоннан ұшып келген. Ол елде "АрселорМиттал Теміртауға" қатысты келіссөздер жүргізілген. Қазақстандық Мемлекеттік тікелей инвестициялар қоры ArcelorMittal Temirtau JSC және ArcelorMittal Tubular Products Aktau JSC металлургиялық кәсіпорындарының барлық акцияларын сатып алады.

Кәсіпорындарда ребрендинг болады және жаңа атау алады. ArcelorMittal бұл активтерге 1995 жылдан бері иелік етіп келеді. Мәміле құны 286 миллион доллар болды.

Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев жаңа инвесторы екенін айтты. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина