"Болашақпен" шетелде оқып, елге оралмағандар мемлекетке қанша теңге қарыз?

"Болашақпен" шетелде оқып, елге оралмағандар мемлекетке қанша теңге қарыз?
Фото: Tengrinews.kz

Bolashaq бағдарламасының әкімшісі Әлия Оспанова "Болашақ" бағдарламасы бойынша 30 жылда 270 түлек елге қайтып оралмағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ өкілі Оспановаға "Болашақ" бағдарламасымен кеткен бірақ елге оралмаған түлектер жайлы не айтасыз? Мемлекет алдындағы берешегі қанша? деп сұрақ қойды.

"Иә, 270 түлегіміз келмеді, бірақ ол 15 мың түлектің ішінде 1 пайызын ғана алып отыр. Келмеседе олардың ұялары елде тұрады ғой, жалпы мемлекетке 1,5 миллиард теңгедей қаржы қайтарылуы тиіс. Оларға заңды шаралар қолданылып жатыр", - дейді Оспанова "Болашақ" Халықаралық стипендиясының 30-жылдығына арналған мерекелік форумда.

Жасұлан Ордабаев

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz