"Арселор Миттал Теміртаудың" атауы өзгеруі мүмкін

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның атауы өзгеруі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жаңа инвестордың шешімін күту керек. Біздің пікірімізше, (кәсіпорынға) "Қармет" тарихи атауын қайтару дұрыс болады. Өңірдегі (Қарағанды облысы) тұрғындар мен қызметкерлер бізді қолдайды деп ойлаймын", - деді Қанат Шарлапаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа қожайыны белгілі болған еді.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!